19 там, 2019 сағат 10:48

Тоқаев: Қазақстан қиын жағдайға ұшыраған халықтарға қол ұшын созуда

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында еліміздің қиын жағдайға ұшыраған мұқтаж мемлекеттер мен халықтарға қол ұшын созатыны туралы жазды.

«Бүгін Дүниежүзілік гуманитарлық көмек күні. БҰҰ бастамасымен донор-мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да қиын жағдайға ұшыраған мұқтаж мемлекеттер мен халықтарға қол ұшын созуда. Бұл – жаһандық гуманитарлық мәселелерді шешуге бағытталған қайырымды іс», - деп жазды Президент.