16 қаз, 2019 сағат 17:10

Тоқаев Есімовті қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан халқына арналған Жолдауда берілген тапсырмалардың жүзеге асырылуы, соның ішінде квазимемлекеттік сектордағы компаниялар санының қысқартылуы жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар Ахметжан Есімов ұлттық компанияларды жекешелендіруге дайындық барысы туралы баяндады.