07 қар, 2019 сағат 23:18

Тоқаев Эрмитаж музейінің Омбыдағы филиалында болды

Қазақстан мен Ресейдің Президенттері Эрмитаж музейінің Омбыдағы Эрмитаж-Сибирь филиалында болды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Еске салсақ, Президент бүгін «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбыға ұшып келген болатын. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Владимир Путинмен кездесті.