03 шіл, 2019 сағат 17:03

Тоқаев Citigroup банкінің үкіметтер мен мемлекеттік сектор жөніндегі жаһандық блогының басшысымен кездесті

Қазақстан Президенті Citigroup банкінің үкіметтер мен мемлекеттік сектор жөніндегі жаһандық блогының басшысы Джули Монакомен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев EXPO-2017 көрмесіне және АХҚО басқару жөніндегі кеңестің жұмысына белсенді қатысқаны үшін Citigroup басшылығына ризашылық білдірді. Қазақстан Президенті банктің Қазақстанға инвестиция тарту және инновациялық жобаларды жүзеге асыру ісіндегі үлесін жоғары бағалады.

– Біз еліміздің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етуді қалаймыз және экономиканы әртараптандырып жатырмыз. Бұл - оңай міндет емес. Оның барлық қиындығын түсінеміз. Citigroup компаниясымен осы бағыттағы тығыз ынтымақтастығымызды жалғастыра бергіміз келеді, – деді Мемлекет басшысы.

Джули Монако Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына сайлануымен құттықтап, Қазақстан Citigroup компаниясының маңызды серіктесі екенін атап өтті.