15 шіл, 2019 сағат 12:30

Тоқаев "Болашақ" арқылы оқитын шенеуніктерді сынады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің "Болашақ" бағдарламасына қатысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Білім және ғылым министрлігінде, сондай-ақ, ұлттық экономика министрлігінде болған бір мысалды келтіруге болады. Ол жерде министрдің орынбасары дәрежесінде саяси қызметшілер "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқимын деп, қызметтен оп-оңай кете салады. Сонда 45 жастан кейін де оқи береді. Ондай мысалдар көп", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, министрдің орынбасары "Болашақ" бағдарламасымен оқуға кеткенде, оның орнына бір жылға басқа адамды тағайындай салады.

"Бұл – абсурд, мемлекеттік қызмет емес. Сабақтастық қайда? Президент әкімшілігі "Болашақ" бағдарламасының талаптарына өзгеріс енгізуі керек. Саяси қызметшілер өз білімін шыңдай алады. Бірақ онымен өз еркімен бос уақытта айналыссын. Оған мемлекет қаржысы жұмсалмауы қажет", - деп атап өтті Тоқаев.