15 мам, 2019 сағат 08:29

Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы қол қойған заңдар:

  • «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы;
  • «Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.