12 қыр, 2019 сағат 05:55

Тоқаев Бейжіңдегі Халық батырлары монументіне гүл шоқтарын қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі Халық батырлары монументіне гүл қойды. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-на Мемлекеттік сапары аясындағы екінші күнгі бағдарламасына сәйкес Бейжіңдегі Халық батырлары монументіне гүл қою рәсімінен бастады», - деп жазды баспасөз хатшысы. 

Айта кетейік, Қазақстан Президенті ҚХР-де мемлекеттік сапармен жүр. Қыркүйектің 11-і күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізгендігін хабарладық.