26 мау, 2019 сағат 18:16

Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкіміне бірқатар нақты тапсырма берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды Тұғырнамасында көрсетілген «Қуатты аймақ – қуатты Қазақстан»  деп аталған жетінші бағыттың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Қазақстан Президенті Батыс Қазақстан облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.