25 мау, 2019 сағат 10:41

Тоқаев Арыс тұрғындарына көмек көрсетіп жатқан барлық волонтерлерге ризашылық білдірді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарының игілігі жолындағы ауқымды әрі пайдалы еңбектері үшін барлық волонтерлерге ризашылық білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Арыс тұрғындарының игілігі жолындағы ауқымды әрі пайдалы еңбектері үшін барлық волонтерлерге ризашылық білдіремін. Зардап шеккендердің жағдайы шынымен де қиын. Мемлекет оларға көмек береді. Қала мен тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіреміз», - деп жазады Президент Twitter парақшасында.

Еске салсақ, Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездескен болатын.