19 шіл, 2019 сағат 06:39

Тоқаев: "Аружан Саин жемісті жұмыс атқарады деп сенемін"

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Аружан Саинды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Белгілі қоғам қайраткері Аружан Сайынды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл етіп тағайындадым. Жемісті жұмыс атқарады деп сенемін. Сенатор Сәуле Айтпаеваға осы лауазымдағы жұмысы үшін ризашылық білдіремін», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Еске салсақ, кеше Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған болатын.