15 там, 2019 сағат 12:39

Тоқаев: Әли, сенің күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді

Әли, сенің күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев УЕФА Суперкубогын табыстаған жас қазақстандық жөнінде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жас қазақстандық Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогы үшін «Ливерпуль» мен «Челси» арасында өткен матчтың жеңімпазын марапаттау салтанатына қатысты. Әли, сенің мақсатқа жету жолындағы күш-жігерің әлемде талай адамды алға жетелейді. Барлық армандарың орындалсын!», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Әли Тұрғанбеков өз қолымен ағылшынның Ливерпуль ойыншыларына УЕФА Суперкубогын табыстаған еді.