09 қаз, 2019 сағат 16:06

Тоқаев Ақтауда Әбіш Кекілбайұлы ескерткішінің ашылуына қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, қазанның 10-ы күні Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Онда қазақ әдебиетінің абызы, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады.

Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады.