14 қар, 2019 сағат 14:42

Тоқаев «Ақай» тігін шеберханасының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақай» тігін шеберханасына барды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Ақмола облысына сапары барысында «Ақай» тігін шеберханасының жұмысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев шығарылып жатқан өнімдердің сапасын жоғары бағалап, ұжымға табыс пен өркендей беруді тіледі.

Кәсіпорын қызметкерлері Мемлекет басшысына шағын және орта бизнеске көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.