05 қыр, 2017 сағат 09:42

Төбелес шығарған Үндістан азаматтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов "Абу Даби Плаза" маңындағы төбелестің тергеу барысы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" kaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

"Кінәлілер түгелдей анықталды. Жауап алынып жатыр, бетпе-бет кездесу өткізіп жатырмыз. Көшеде төбелеске Үндістанның 30-40 адамы қатысқан. Сот олардың депортациясы мәселесін шешеді. Кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деп мәлімдеді ІІМ басшысы. 

"Біздің күзетшіні ұрып-соққан Үндістан азаматтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үндістан азаматтарын ұрып-соққан күзетшілерімізге қатысты да қылмыстық іс қозғалды", - деді Қалмұханбет Қасымов.