#
#
Cәрсенбі 20/11/2019

ТМД-ға ортақ виза қажет: Ресей Тоқаевтың ұстанымын қолдайды

  • 22.10.2019
  • 0
  • 156

ТМД-да ортақ виза енгізу мүше мемлекеттердегі туризм саласына оң әсерін тигізуі мүмкін, деді РИА Новости порталына берген сұхбатында РФ сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Андрей Руденко.

"Әрине, ТМД кеңістігінде ортақ виза енгізу мүмкіндігі Достастық елдерінің басқа мемлекеттермен іскерлік және туристік байланыстарын дамытуға оң әсерін тигізер еді. Дегенмен ТМД-ға мүше әр ел өзінің виза және көші-қон саясатын жүзеге асыратынын ескермеуге де болмайды", - деді Ресей СІМ басшысының орынбасары.

Руденконың айтуынша, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің осы саладағы ұлттық заңнамалары бір-бірімен сәйкес келе бермейді.

"Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл мәселенің әуелі барлық құзырлы ведомствоның қатысуымен сарапшылық деңгейде жан-жақты зерттелуі тиіс деген ұстанымына қосыламыз", - деді ол.

Руденконың пікірінше, ортақ визаны қажет ететін елдер мен олардың көші-қон заңнамасын бір-біріне ұқсас ету тұрғысынан тиісті шешімдер қабылдау дайындығын анықтау қажет.

"Бұған қоса, осындай бірыңғай визаны енгізу үшін атқарылатын жұмыстың көлемін бағалау маңызды. Бұл үлкен және тез жүзеге аса қоймайтын іс. Сондықтан қазір бұндай механизмді іске қосудың қандай да бір нақты мерзімдері туралы айту әлі ерте", - деп атап өтті Руденко.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдерінде "шенген" сияқты ортақ виза енгізу мәселесін қарастыруды ұсынған еді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ашхабадта өткен ТМД-ға мүше елдер басшылары кеңесінің отырысында айтты.

Қазақстан Президенті бұндай виза Достастық елдеріндегі туризмді дамытуға ықпал етер еді дейді.

Ал, 2018 жылғы маусымда Дариға Назарбаева Орталық Азия елдері үшін "азиялық шенген" құру идеясын айтқан болатын. Жоба 2019 жылдың басында жүзеге асады деп болжанған еді.

Дегенмен Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, "азиялық шенген" құру және енгізу мәселесі ұзағырақ уақытты қажет етеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар