15 қыр, 2016 сағат 07:30

Тимур Бекмамбетов отандық фильмдердің билет бағасын арзандатуды ұсынды

Кинорежиссер, сцеранист әрі продюсер Тимур Бекмамбетов отандық фильмдерге кіруге абонемент енгізуді ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

“Ұлттық киномыздың прокаттағы үлесі өте төсен – 7,6 пайызды құрайды. Ресейде – 15 пайызға жуық, Францияда 30 пайыздан асады. Кореяда 50 пайыздай, ал Қытайда 99 пайыз. Бұл ең жоғарғы көрсеткіш. Әрине, Қазақстанға мұндай алпауыт киностудиялармен бәсекелес болу өте қиын. Біздің киномызға екі есе аз қаражат салынады. Осыдан соң біз ұтылып жатырмыз. Көрермен сол ақшаға сапалы туындыны таңдайды. Меніңше, билет бағалары фильмді түсіруге жұмсалған қаражатпен сәйкес келуі керек”, – дейді режиссер.

Продюсер отандық фильмдерге абонемент енгізуді ұсынды.

“Одан да айына арзан бағаға 10-15 фильм көрсетілсін”, – дейді ол. Режиссердің айтуынша,  осылайша мүлдем өзге аудитория пайда болып, олар мүлде басқа дүниелерді талап ететін болады.