23 қаз, 2018 сағат 11:41

The Ring журналы Альваресті қазіргі заманның ең үздік боксшысы деп таныды

The Ring журналы Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) мен Дүниежүзілік бокс кеңесінің  (WBC) тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль Альваресті қазіргі заманның ең үздік боксшысы деп таныды. Бұл туралы Twitter -дегі WBC ресми парақшасында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28 жастағы Альварес кәсіби рингте 53 айқас өткізіп, оның елуінде жеңіске  жеткен (34-і - нокаутпен) және екі рет тең нәтиже көрсетіп, бір рет жеңілген. Қыркүйектегі соңғы жекпе-жегінде төрешілердің көпшілігінің шешімімен қазақстандық Геннадий Головкиннен басым түскен еді.

Сәрсенбі күні Альварес DAZN стримингтік қызмет көрсету компаниясымен спорт әлемі үшін рекордтық сомаға - $365 млн келісім жасады. Боксшы мен компания арасындағы келісім 2023 жылға дейін 11 айқасқа есептелген.