10 қаз, 2019 сағат 11:53

Тергеу амалдары «Астана LRT» құрылысына кедергі келтірмейді - агенттік

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана LRT» ісіне қатысты тергеу амалдары нысанның құрылысына кедергі келтірмейтінін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Тергеу «Астана LRT» құрылысына кедергі келтірмейді. Оның үстіне біз құрылыс нысандарының соңғы алыс-берісін аяқтап қалдық», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің басшысы Сергей Перов.

Департамент басшысы сонымен бірге тергеу амалдары ЛРТ басшылығының өтінімі бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Тексеру барысында жымқыру фактілері анықталды. Сол себепті, тергеу жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, іс ерекше бақылауға алынды. Тергеу амалдары өткен жылы басталған. Әу баста іс 2018 жылдың қаңтарында қозғалған», - деді Сергей Перов.

Еске салсақ, Президент LRT құрылысын жеделдетуді және оған қатысты істі тергеуді тапсырды.

Бұған дейін LRT-ның құрылысы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.