#
#
Сейсенбі 25/02/2020

Теннис: Зарина Дияс Аустралия чемпионатын жеңіспен бастады

  • 21.01.2020
  • 0
  • 235

Қазақстандық Зарина Дияс Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүниежүзілік рейтингте 73-орында тұрған З.Дияс алғашқы айналымда әлемнің 24-інші, осы жарыстың 21-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовамен кездесті. Қазақстандық теннисші 26-да болса, қарсыласы небәрі 18-де еді. Зарина бірінші партияда өз басымдылығын көрсете білді – 6:3.

Есесіне екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Аманда брейк жасай алды. Сосын Зарина да брейк жасағанымен, есепті 5:2-ге жеткізді. З.Дияс есепті қысқартқанымен, А.Анисимова мүмкіндігін жібермеді – 6:4.

Үшінші, шешуші партияда америкалық спортшы брейкпен алға шықты – 2:1. Дегенмен бұған Зарина қос бірдей брейкпен жауап қайырды – 4:2. Ақыры ол осы басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3. Тартысты бәсеке 1 сағат 47 минутқа созылды.

З.Дияс екінші айналымда әлемнің 58-ракеткасы, ресейлік Анна Блинкова немесе рейтингте 96-орындағы италиялық Ясмин Паолинидің біреуімен шеберлік байқасады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 38-орындағы Юлия Путинцева әлемнің 37-ракеткасы, тайбэйлік Се Шувэймен ойнап жатыр. Өткен жылғы Аустралия чемпионатында З.Дияс бастапқы кездесуінде-ақ сүрінсе, Юлия Путинцева екінші айналымнан аса алмаған еді. Ал Қазақстанның қазіргі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина қатыспаған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыққанын, ал Михаил Кукушкин мен Александр Бубликтің жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар