21 қаң, 2020 сағат 07:15

Теннис: Рыбакина Аустралия чемпионатының екінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы «Үлкен дулыға» турнирінің 29-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін рейтингте 65-орында тұрған америкалық Бернарда Перамен өткізді. Е.Рыбакина қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен қиналмай жеңді. Бәсеке 1 сағат 5 минутқа созылды.

Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 94-ракеткасы, Беларусь өкілі Александра Саснович немесе рейтингте 119-сатыдағы бельгиялық Гретье Минненнің біреуімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның рейтингте көтерілгенін жазған болатынбыз.