#
#
Сейсенбі 15/10/2019

Теннис: Кукушкин Шанхай турнирінің екінші айналымына шықты

  • 07.10.2019
  • 0
  • 284

Қазақстандық Михаил Кукушкин Шанхай ATP турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүниежүзілік рейтингте 57-орында тұрған М.Кукушкин алғашқы айналымда әлемнің 50-ракеткасы, сербиялық Миомир Кецмановичпен кездесті.

Қазақстандық теннисші 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 43 минутқа созылды.

М.Кукушкин екінші айналымда әлемнің 14-ракеткасы, бельгиялық Давид Гоффен немесе рейтингте 52-сатыдағы франциялық Ришар Гаскенің біреуімен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 8,3 млн астам АҚШ долларына бағаланған Шанхай додасы 13 қазанда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бубликтің әлемдік рейтингте көтерілгенін, Ю.Путинцеваның Тяньцзинь турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР