#
#
Жұма 03/04/2020

Теннис: Елена Рыбакина әлемдік рейтингте рекордтық 17-орынға көтерілді

  • 24.02.2020
  • 0
  • 167

Бүгін жаңартылған дүниежүзілік рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-орынға көтерілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұған дейін 19-сатыда тұрған 20 жастағы Е.Рыбакина Қазақстан көрсеткішін тағы бір жаңартты.

Юлия Путинцева бұрынғы 32-орнында қалса, Зарина Дияс 63-тен 61-ге жоғарылады.

Рейтингте аустралиялық Эшли Барти бұрынғыша көш бастаса, румыниялық Симона Халеп пен чехиялық Каролина Плишкова екінші, үшінші орында келеді.

Е.Рыбакина мен Ю.Путинцева бүгін Дохадағы ірі додада сәйкесінше румыниялық Сорана Кырстя және ресейлік Анастасия Павлюченковамен алғашқы ойындарын өткізеді. Егер Е.Рыбакина үшінші айналымға дейін жетсе, Э.Бартимен жолдары тоқайласуы мүмкін. Өткен аптада Дубайда Елена К.Плишкованы тізе бүктірсе, финалда С.Халепке жол берген болатын.

Ерлер арасында өткен аптада Марсель турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 55-тен 47-сатыға көтерілді. Бұл оның өз спорттық жолындағы үздік көрсеткіші болып табылады. Михаил Кукушкин 69-дан 89-ға сырғыса, Дмитрий Попко 168-ден 167-ге жоғарылады.

Бүгін Дубай жарысында М.Кукушкин ресейлік Карен Хачановпен кездессе, А.Бублик ертең Польша өкілі Хуберт Гуркачпен ойнайды.

Үздік үштікте бұрынғыша сербиялық Новак Джокович, испаниялық Рафаэль Надаль және швейцариялық Роджер Федерер келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкин мен А.Бубликтің Дубайдағы қарсыласы анықталғанын, Ярослава Шведованың Доха турнирінің алғашқы айналымынан аса алмағанын жазған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар