#
#
Сейсенбі 25/02/2020

Теннис: Елена Рыбакина әлемдік рейтингте көтерілді

  • 20.01.2020
  • 0
  • 207

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 26-орынға көтерілді, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өткен сенбі күні Аустралиядағы Хобарт турнирінің жеңіспазы атанған Е.Рыбакина осылайша рейтингтегі өзінің жеке рекордын жаңартып қана қоймай, қазақстандықтардың үздік көрсеткішіне жақын қалып тұр. 2012 жылы Ярослава Шведова 25-орынға көтерілген еді.

Бүгін басталған Аустралия ашық чемпионатының 29-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина алғашқы матчын рейтингте 65-сатыдағы америкалық Бернарда Перамен өткізеді. Осы «Үлкен дулыға» додасында сәтті өнер көрсетсе, қазақстандық теннисші рейтингте одан сайын жоғарылайтыны анық.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева рейтингте 36-дан 38-ге төмендесе, Зарина Дияс 73-орнында қалды. Бұл екеуі Аустралия ашық чемпионатында ертең ойнайды. Ю.Путинцева өзінен бір саты жоғары тұрған тайбэйлік Се Шувэймен, З.Дияс әлемнің 24-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовамен шеберлік байқасады.

Ерлер арасында жекелей сында Александр Бублик пен Михаил Кукушкин кортқа бүгін шығады. Екеуінің де қарсыластары – аустралиялықтар. А.Бублик Джордан Томпсонмен, М.Кукушкин Марк Полманспен күш сынасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің жұптық сында Бангкок турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар