27 мам, 2020 сағат 02:36

Теңіз кенішіндегі ахуал тұрақталған соң жұмысшылар жұмысына оралады - әкім

Теңіз кенішіндегі жұмыс жалғасын табады. Жағдай тұрақталған кезде жұмысшылар жұмысына оралады. Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жылыой ауданындағы Теңіз кеніші індеттің ошағына айналған. Қазір мұнда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

«Кен орнынан жұмысшыларды шығарудағы мақсат – адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау. Сол арқылы қауіпті індеттің таралып кетуіне жол бермедік», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов. 

Әкімнің мәлімдеуінше, Теңіз кен орнынан 18,5 мың жұмысшы тұрғылықты мекенжайына шығарылған. 

«Теңіз кен орнында жұмыс тоқтап, адамдар жұмыссыз қалады деген мәселе туындап отырған жоқ. Кеніштегі жұмыс жалғасын табады. Мұндағы ахуал тұрақталған соң жұмысшылар жұмыс орнына оралады», - деді облыс әкімі.