09 там, 2019 сағат 15:00

Telegram арқылы Қазақстанда есірткі сатқан 56 аккаунт анықталды

Telegram мессенджері есірткі тұтынуды насихаттаған және оларды сатып келген 56 аккаунт ҚР аумағында бұғатталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Бұл туралы Қазақстанның бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов мәлім етті.

«Көрсетілген парақшаларға және аккаунттарға кіру Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін болған. Сондай-ақ, ел аумағында есірткі құралдары мен прекурсорларды Қазақстанның ірі қалаларына жеткізіп отырған 4 шетелдік сайт жұмыс істеп келген. Бұл сайттардың кәмелетке толмағандар арасында танымал және оларға қол жетімді екені алаңдатады», - деп жазды Ернат Сыбанқұлов Facebook желісінде.

Нәтижесінде, ҚР Көлік прокуратурасының бастамасымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті 56 аккаунт-боттың қызметін заңсыз деп танып, оларды бұғаттаған.