#
#
Жексенбі 07/06/2020

Телефон жәрдемақы алатын кезде әмиянның баламасына айналады - Жұмағалиев

  • 22.05.2020
  • 0
  • 126

Таяуда телефон әлеуметтік төлемдердің кез келген түрін, зейнетақы немесе жәрдемақы, мемлекеттен берілетін басқа да төлемдерді алуда әмиянның баламасына айналады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Осыдан бірнеше жыл бұрын дүкендерде байланыссыз төлем жасау үшін Pay Way функциясы бар терминалдардың пайда болғаны есімде. Ол кезде төлем картасын қою үшін терминалдың қосымша тіркемесі болатын. Бір дүкеннен терминалды көріп қалып, дүкеншіден «байланыссыз төлем жасауға бола ма?» деп сұрадым. Ол төлем жүргізуді қиындатпауды (басын ауыртпауын) сұрады. Ал, қазір бұған бәріміз үйрендік. Өйткені, технологиялар қарыштап дамуда, біз болсақ, өзімізге ыңғайлысын таңдаймыз. Тіпті өзімен бірге төлем картасын алып жүрмейтіндерді де білемін. Себебі олар NFC (Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay) арқылы төлем жасауға көшкен. Ақшаны телефон нөмірі бойынша банктік шотқа жіберу, QR арқылы төлеу - көпшіліктің үйреншікті ісіне айналды. Жақында egov-та баж төлемін Kaspi арқылы QR көмегімен төлеу мүмкіндігі туды. Ал ХҚО-ларда Халық банк қосымшасы арқылы QR көмегімен төлеуге болады», - деп жазды министр. 

Оның атап өтуінше, соңғы уақытта азаматтың ЖСН (электронды әмиян) бойынша немесе тікелей телефон теңгеріміне ақша жіберуге болатын электронды және мобильді әмияндар белсенді түрде қолданылып жүр. 

«Кар-Телдің Еңбек министрлігімен бірлесіп, әлеуметтік төлемді азаматтың телефон теңгеріміне жіберу мүмкіндігін сынақтан өткізгенінен де хабардармын. Теңгерімдегі ақшаны банкомат немесе Қазпошта арқылы алуға болады. Сондықтан, таяуда телефон әлеуметтік төлемдердің кез келген түрін, зейнетақы немесе жәрдемақы, мемлекеттен берілетін басқа да төлемдерді алуда әмиянның баламасына айналады деп ойлаймын», - деді Асқар Жұмағалиев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар