16 қаң, 2020 сағат 09:07

Тель-Авивтегі гран-при турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Тель-Авивтегі әлемдік Гран-при бәсекесіне қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

23-25 қаңтар күндері Тель-Авивте (Израиль) дзюдодан әлемдік Гран-при кезеңі өтеді. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша лицензиялық Гран при-турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай қосылмақ. Жеңімпаз 700 ұпайға ие болса, екінші орын алған спортшы - 490, үшінші орын иегеріне 350 ұпайдан беріледі.

Жылдың алғашқы додасына әлемнің 88 елінен 623 дзюдошысы жиналады деп жоспарлануда.

Аталған бәсекеде Қазақстан намысын 20 дзюдошы қорғайды.

Ерлер:

Мағжан Шамшадин (-60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (-60 кг)

Елдос Жұмақанов (-66 кг)

Ерлан Серікжанов (-66 кг)

Жансай Смағұлов (-73 кг)

Серік Ақылбек (-73 кг)

Дидар Хамза (-81 кг)

Руслан Мұсаев (-81 кг)

Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг)

Айбек Серікбаев (-100 кг)

Виктор Демьяненко (-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Ғалымжан Қырықбай (+100 кг)

Әйелдер:

Ақмарал Науатбек (-48 кг)

Анна Казюлина (-52 кг)

Севара Нишанбаева (+57 кг)

Мөлдір Нарынова (-70 кг)

Зере Бектасқызы (-70 кг)

Зарина Райфова (-78 кг) Назгүл Маратова (+78 кг)