26 мау, 2019 сағат 18:26

Тәжікстан Президенті Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның көңіл айту жеделхаты келіп түсті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Едәуір шығынға және кісі өліміне әкелген Арыс қаласында болған жарылыс туралы ақпаратты күйзеліспен қабылдадым. Өзімнің және тәжік халқының атынан Сізге және қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Тәжікстан Президенті Қазақстан Үкіметінің шұғыл қабылдаған шараларына тоқталып, қазақстандық жасақтардың эвакуация және қайғылы оқиғаның салдарын жою кезіндегі жанкешті жұмыстарын ерекше атап өтті.