22 қаз, 2018 сағат 11:33

Тайвандағы жантүршігерлік апаттың видеосы желіге тарады

Жексенбіде Тайванда болған жантүршігерлік  теміржол апатының видеосы желіге тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, Тайванның солтүстік шығысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, апат салдарынан 22 адам қаза тапқан болатын. Бұған қоса 170-тен астамы жараланған.

Соңғы деректерге қарағанда, пойыздың жылдамдығы апатқа ұшырар алдында сағатына 150 шақырымға жуық болған.