10 шіл, 2018 сағат 14:36

Таиландтағы үңгірде қалып қойған адамдардың барлығы құтқарылды - БАҚ

Тайландта Кхао Луанг үңгірінің ішінде адасып кеткен балалардың бәрін сыртқы алып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Spring News телеарнасына сілтеме жасаған ТАСС-тың хабарлауынша, үңгірде із-түссіз кеткен 12 бала мен 1 бапкер табылған. Олар үңгір ішінде екі апта бойы адасып жүрген.

Еске сала кетсек, 23 маусым күні Таиландтағы ұлттық парк қызметкерлері үңгірге кіре берісте мотоцикл мен велосипедтерді, спорттық жабдықтарды тауып алған болатын. Олар жергілікті футбол командасына хабарласып, ол жақтан табылған заттардың шынында да 11-16 жас аралығындағы 12 мектеп оқушысына және 25 жастағы бапкерге тиесілі екенін растаған. Олар адасып кеткен үңгірдің іші 10 шақырымдық жолдарға бөлінген. Бірнеше шығатын және кіретін бөліктері бар. Таиланд билігі үңгірде хабарсыз кеткен балаларды құтқару жұмыстарын жүргізген еді.

Бұдан бұрын аталған үңгірден 2 баланың табылғанын хабарлаған болатынбыз.

 


kaz.tengrinews.kz