26 ақп, 2021 сағат 07:47

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай амнистия: ҚР ІІМ заң жобасын талқылауға ұсынды

ҚР Ішкі істер министрлігі «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын қоғам талқылауына ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып, «Рақымшылық туралы» заң жобасын әзірледі. 

Заң жобасында қылмыстық жауаптылықтан босатылуға және жазаны өтеу мерзімдерін қысқартуға жататын сотталғандардың санаттарын айқындалған. 

«Рақымшылық азаматтардың әлеуметтік осал топтарына және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасаған, келтірілген залалды өтеген адамдарға қатысты болады», - деді ҚР ІІМ-нен. 

Жоба «Ашық НҚА» интернет-порталының «Құқықтық көмек» бөлімінде орналасқан. Оны талқылау биылғы 5 наурызға дейін жалғасады.

Еске салайық, былтырғы 29 қазанда Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді.