15 жел, 2018 сағат 19:31

Тәуелсіздік күні: Швейцария Президенті Қазақстан халқына бақ-береке тіледі

Мемлекет басшысының атына ұлттық мерекеміз - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Швейцария Конфедерациясының Президенті Ален Берсе өзінің құттықтау жеделхатында Қазақстан халқына бақ-береке мен амандық тілеп, екі ел арасындағы сенімге негізделген әрі достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ниеттестік білдіреді.

Сонымен қатар, өздерінің жеделхаттарында Иордания Королі ІІ Абдалла, Швеция Королі Карл Густав, Оман Сұлтаны Кабус бен Саид, Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Нгуен Фу Чонг, Молдова Президенті Игорь Додон, Малайзия Жоғарғы билеушісінің орынбасары Сұлтан Назрин Муиззуддин Шах Қазақстан халқына бейбіт өмір және бақ-береке тілейді.