13 нау, 2019 сағат 11:31

Татарстанда Қазақ киносының күндері өтеді

15-18 наурыз күндері аралығында Татарстанның Қазан қаласында Қазақ киносының күндері өтеді. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшілігінің ресми сайтында хабарланды.

«Мир» кинотеатрына келушілердің назарына алты кинофильм ұсынылатын болады. Олар - «Жұлдыздар тоғысқанда», «Қазақ хандығы. Алмас қылыш», «Әміре», «Оралман», «Талан» және «Анаға апарар жол».

«Қазандағы көрсетілімнен соң Қазақ киносының апталығы Татарстанның аудандарында жалғасады. Барлық көрсетілімдерге кіру тегін», - делінген елшілік мәліметінде.