#
#
Дүйсенбі 19/02/2018

Тасмағамбетовтың тапсырмасы

  • 13.02.2018
  • 0
  • 7975

Исі қазаққа танымал Иманғали Тасмағамбетовтың Астана қаласына әкім болып тағайындалғанына екінші жыл болатын. Мен ол кезде елорданың іргесіндегі «Пригородный» кентінде тұратын едім. «Қала әкімі халыққа жыл сайынғы есебін жасайды» екен деген хабарды ести сала сол кездегі «Конгррес холл» сарайына ел-жұртпен бірге мен де бардым.

Иманғали Нұрғалиұлы алдымен елорданың әлеуметтік-экономикалық ахуалы мен алда атқарылатын жұмыстар жайында жан-жақты баяндапөтті. Ал, одан кейін жиналған халық тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сол сұрақ қойған кісілердің арасында мен тұратын «Пригородный» кентінің бір тұрғыны да болды. Ол қала әкіміне аталмыш кенттегі көше мен тұрғын үйлер іргесіндегі жұлым-жұлымы шыққан ағаштар жайын қозғады. Астана астана болғалы ешқандай күтім көрмеген ондағы кейбір ағаштар адам өміріне қауіп төндіріп тұрғанын да әдемі жеткізді. Оның бұл орынды көтерген мәселесін мұқият тыңдаған Имекең залда отырған бір орынбасарын орнынан тұрғызды да «Мына мәселені дереу шешіңдер» деп тапсырма берді. 

Өз басым, бұл жиналыстың соңына дейін бола алмадым. Өзім тұратын кент жақта жеке шаруам шығып қалды да, сол жаққа қарай жол тарттым. Ендігі қызықты қараңыз, жол бойында «Пригородный» кентіне қарай көш түзеген қаланың көгалдандыру басқармасының бірнеше көлігін көзім шалып қалды. Онда көліктің неше түрі бар, тіпті жоғарыға көтеретін сатысы бар «Кранға» дейін. Бұған жұмысшылар жайғасқан екі-үш жүк көлігін де қосыңыз. Не керек, бұлардың «бес қаруы түгел». Олар діттеген жеріне жете салысымен кент ішіндегі ағаштарды отауға бел шеше кірісіп кетті. Несін жасырайын, мен жеке шаруамды жиып қойып, әлгі жұмысшылардың әрекетін көп уақыт тамашалап тұрдым. Тасмағамбетовтың берген тапсырмасының ізбе-із орындалып жатқанына қатты таң қалдым һәм тамсандым. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы, тапсырма жиналыс кезінде берілді. Сол берілген тапсырма жиналыс жүріп жатқан уақытта жүзеге асып жатыр. Міне, нағыз істің адамы деп осы кісіні айтуға болады. Сөзі мен ісі таразы басын теңестіріп тұр. Мұны бір деңіз.

Екінші, біздің кенттегі жұмыс мұнымен біткен жоқ. Тоз-тозы шыққан көшелері түзелді. Тұрғын үйлердің барлық ауласына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қысқасы, бір жылдың ішінде кент келбеті адам танымастай өзгерді. Шағын сұлу кентке айналып шыға келді. Егер сенбесеңіз мен сөз еткен кентке арнайы барып, бір серуендеп көріңізші. Сондағы жергілікті тұрғындардан кенттің кешегісі мен бүгінін сұрауды да ұмытпаңыз. Тасмағамбетовтың кезінде қыруар тірлік жасалғанын жыр қылып айтып беретініне титтей де күмәнім жоқ.

Ерлібай Өзбекбайұлының фейсбуктегі жазбасынан

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар