#
#
Бейсенбі 13/12/2018

Тасмағамбетов еуропалық бизнесмендерді еуразиялық транспорт дәлізінің мүмкіндігін пайдалануға шақырды

  • 30.05.2018
  • 0
  • 2484

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов Ресей еліндегі Германия Федеративті Республикасының ұйымдастыруымен экономикалық бағытта өрбіген "Еуропалық кеңес – Еуразиялық Экономикалық Одақ" атты пікірталас алаңына қатысты. 

Осы жиында сөз сөйлеген Елші мырза "Еуразиялық Экономикалық Одақтың негізі қаланып, оның әрі қарқын алуы ең алдымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында болғанын" ерекше атап өтті.

"Еуропалық Одақ қалыптасқан үрдіс бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың сауда-саттық саласы бойынша негізгі серіктесіне айналған. ЕЭО елдері Еуропалық одақтың сыртқы сауда көлемі бойынша 50 %-дан жоғары  үлесін иеленуде", – деді Иманғали Тасмағамбетов. 

Технологиялардың белең алып, тауарлардың нарыққа түспей жатып көнеретін заманында қалыптасқан жүйе бойынша жұмыс түзу мүмкін емес. Сол себепті тауарларды жеткізу кезінде оның өзіндік құнына қарағанда тасымалына кететін уақыт шығынын есептеу  әлдеқайда маңызды.

Осы ретте, Еуропа мен Азияны қосатын, шөлді даламен өтетін трансеуразиялық жолдың су қатынасынан артық екенін Елші қадап айтты.

"Қазақстан бұған толығымен әзір. Елімізде мемлекеттік бағдарлама түгелімен жүзеге асып отыр. 26 жылдың аралығында 10 мың шақырым жол жаңартылып, жөнделді. Жуырда 8000 шақырым автожол қолданысқа беріледі. Мұнымен қатар, 2,5 мың шақырым темір жол іске қосылды", – деді Иманғали Тасмағамбетов.

Пікір талас алаңында  "Еуразиялық экономикалық одақ – сауда саттық саясатының ұстанымы" атты сараптамалық жұмыс көпшілік назарына ұсынылды. Онда көптеген қажетті ақпарат мен мәліметтер жиынтығы берілген. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар