#
#
Сейсенбі 19/03/2019

"Тарихтағы ең бай адамдар кімдер?" - ВВС

  • 13.03.2019
  • 0
  • 398

Forbes жариялаған миллиардерлер тізімінде Amazon компаниясының негізін қалаған Джефф Безос әлемдегі ең бай адам деп танылды. Оның байлығы 131 млрд долларды құрайды және ол бүгінгі таңдағы ең бай адам саналады. ВВС басылымының жазуынша, Джефф Безос әлемдегі ең бай адам болғанымен, тарихта одан да бай адамдар болған.

«Адамзат тарихындағы ең бай адам - XIV ғасырда Батыс Африканы билеген Мансе Мусе. Оның бай болғаны сонша, қазіргі таңда оның бар байлығы қанша болғанын айту мүмкін емес. Алайда, бір белгілісі, ол мемлекет экономикасын құлдыратып жіберген», - деп жазады басылым.

Мақалада жазылғандай, Африка патшасының байлығын ешкім сипаттай да алмаған екен.


«Мали империясында алтын мен қымбат тауарлар өте көп болған және оның көбі патша иелігінде еді. Соған қарамастан империя танымал болған емес», - дейді автор. Оның жазуынша, Манса Муса Меккеге қажылық сапар шеккен кезде қасына алтын киім киген 60 мың адамды алып шыққан.

«Манса Мусаның қажылық сапары экономикалық құлдырауға алып келді. Себебі ол үш ай бойы алтын таратқандықтан, оның бағасы құлдырап кетті», дейді автор.

Мақалада тарихтағы ең бай адамдар қатарында Рим императоры Август Цезарь, Қытай императоры Чжао Сюй, Үндістандағы моғолдар династиясының басшысы I Акбар, америкалық өндіруші Эндрю Карнеги, америкалық бизнес магнат Джон Д. Рокфеллер, Ресей патшасы Николай Александрович Романов, үнді патшасы Мир Осман Али Хан, Ливия билеушісі Муаммар Каддафи бар.  

ҚазАқпарат

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар