#
#
Cәрсенбі 20/11/2019

Тарихта тұңғыш рет екі әйел ашық ғарышқа шықты

  • 19.10.2019
  • 0
  • 186

Кристина Кук және Джессика Меирдің ашық ғарышқа шыққан сәті.

Тарихта тұңғыш рет екі әйел ашық ғарышқа шықты. Америка астронавтары Кристина Кук және Джессика Меир халықаралық ғарыш станциясында ақау пайда болған сыртқы энергия блокты алмастыруы тиіс болған. Бұл процесс шамамен алты жарым сағатқа созылуы мүмкін деп хабарлады жұма күні NASA ғарыш агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, Кук пен Меир жөндеуі тиіс энергия блоктағы ақау халықаралық ғарыш станциясының жұмысына қауіп төндірмейді, тек қосымша энергия көзінен айыруы мүмкін.

Бортинженер Джессика Меир халықаралық ғарыш станциясына қыркүйек айының соңында келген. Ол ресейлік "Союз МС-15" ғарыш аппаратының бортында болған ғарышкерлермен бірге ұшып келген. Меир ұзақ уақытқа созылатын ғарыш экспедициясына қатысады.

МКС-59/60 бағдарламасының бортинженері Кристика Кук халықаралық ғарыш станциясында наурыз айының ортасынан бері жүр. Жоспар бойынша, 2020 жылы ақпан айында Жерге оралады. Ол сол кезде ғарышта ең көп болған алғашқы әйел-астронавт (335 күн) атанбақ.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар