08 қаз, 2019 сағат 13:17

Полиция Тараздағы балалар үйінде түсірілген видеоға қатысты түсініктеме берді

Облыстық полиция департаменті Тараздағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты тараған видеоға қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Facebook» әлеуметтік желісінде әйел адамның «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты қатыгездік іс-әрекетін көрсететін бейнежазбасы жариялаған болатын. Соған орай құзырлы орган шұғыл шара қабылдап, жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Аталған балалар үйінің 54 жастағы тәрбиешісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тергеу барысында мекеме қызметкерлерінен жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары алынды. Сондай-ақ, тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев.

Сондай-ақ, ол департамент тарапынан облыстық әкімдікке сот шешіміне дейін тәрбиешіні лауазымынан босату туралы ұсыныс жолданғанын жеткізді.

Департамент басшысы оқиғаға қатысты барлық жағдай өзінің жеке бақылауында болатынын айтты.