07 ақп, 2019 сағат 15:54

Таразда жанып кеткен үйден 20 адам эвакуацияланды

Жамбыл облысында өткен тәулікте тасжолда және тұрғын үй секторында өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Жамбыл облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

«6 ақпанда 20:09-да Тараз қаласында  бесінші шағын ауданда орналасқан 4 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында электр щиті орналасқан бөлмеден өрт шыққан. Осыған байланысты 20 адам, соның ішінде сегіз бала эакуацияланды. Өрт 20:34-те ауыздықталып, 20:38-де сөндірілді. Оны сөндіру үшін 12 қызметкер мен төрт техника жұмылдырылды. Уақтылы көрмек көрсетіліп, адамдар зардап шеккен жоқ», - деп түсіндірді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Дәл сол күні Қордай ауданы Қордай ауылында Абылай хан және Төле би көшелерінің қиылысында «Audi C4» көлігі өртенген. Өрт бірнеше минутта ауыздықталып, 20 минутта сөндірілген. Көлік 1993 жылы шығарылғаны белгілі болды», - деп нақтылады ведомствода.