12 мау, 2018 сағат 13:13

Таразда вокзал басшысы өз орынбасарымен төбелескен (Видео)

Таразда вокзал басшысы өз орынбасарымен төбелескен. Оқиға теміржол вокзалының бейнебақылау камерасына түсірілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы АҚ өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді.

ҚТЖ өкілдерінің мәліметінше, видео кадрларында вокзалдың Жамбыл учаскесінің басшысы Талғат Төлебеков пен оның орынбасары төбелескенін байқауға болады.  

"Бұл дерек ғимаратта орнатылған бейнебақылау камерасына тіркелді, Желілік ІІБ қызметкерлері акт толтырып, материал Тараз қалалық мамандандырылған Әкімшілік сотына жолданды", - делінген ҚТЖ хабарламасында.


Сонымен қатар, Әкімшілік соттың қаулысымен Төлебековтің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 24 050 теңге көлемінде айыппұл арқалағаны айтылады. 

Кейін компания қызметтік тексеріс жүргізіп, вокзал басшысымен еңбек келісімшартын үзу туралы шешім қабылданған