02 сәу, 2020 сағат 21:43

Таразда 69 жастағы тұрғыннан коронавирус анықталды

Жамбыл облысында коронавирус дертін жұқтырған жаңа жағдайға қатысты мәлімет жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Жамбыл облысында коронавирустың алтыншы дерегі тіркелді. 

«Науқас - Тараз қаласының 69 жастағы тұрғыны. Ол ағымдағы жылдың 1 сәуірінде ауру адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған. Бұған дейін вирус анықталған 41 жастағы азамат оның жақын туысы», - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Одан алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Жағдайы қанағаттанарлық, шағымдар жоқ, қажетті емдеу шаралары жүргізілуде.