26 ақп, 2018 сағат 07:08

Тар заманның бір кезеңіне нүкте қойған Доғал-Үрпек

Қазақстанды және бүкіл Орта Азияны оятқан 1916 жылында болған ұлт-азаттық көтрілісін кезінде Мұхтар Әуезов қилы заман деп атаған.

Халқымыздың басынан кешкен, азаттықтың жолында тарихи белес болған осы қанды оқиғаны ел тар заман да деуші еді. Бір жағынан бұл тарихи құбылысты Ырғыздан бастап Ферғана алқабына дейін қазақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек, тәжік қатысқан біртұтас көтеріліс ретінде қарастыруға болады, сонымен қатар әр бір аймақтың, көтеріліс ошағының өз ерекшеліктері, маңызды оқиғалары, шайқастары, жеңіс-жеңілулері, көсемдері, батырлары  болған. Мысалы, Мұхтар Әуезов қилы заман деп Қарқарадағы Албан көтерілісі туралы романын жазды. Оған қоса, Жетісудағы Жайылмыс болысы, Қордай, Меркі, Ақсуат, Ырғыз, Баянауылдағы оқиғаларының әрқайсысы бір ерлік дастаны, бүкіл елдің қасіреті. Көршілес Қырғызстанда 1916 жылды шоң үркін деп, ұлттың ең қайғылы кезеңі, ең ауыр қасіреті деп санайды. Өзбек пен тәжік елдерінің де тарихында 1916 жыл қайғыға толы оқиға ретінде із қалдырды.

Бірақ, қалай болса да Торғай көтерілісінің де, бүкіл Орта Азиялық көтерілісінің де соңғы шайқасы, қилы заманға нүктені қойған оқиға – Доғал-Үрпек шайқасы еді. Ақпанның 22-сі мен 24-інің арасында Доғал-Үрпек шайқасына 101 жыл толды. Әбдіғаппар Жанбосынұлы бастаған, Аманкелді қостаған көтеріліс жарты жылға созылды. Татыр көлінің жанында болған шайқастан бастап, Торғай қоршауымен, Құмкешу шайқасымен жалғасқан көтеріліс қысқы Доғал-Үрпек шайқасымен аяқталды. Көтерілістің жоғары деңгейде ұйымдастырылған жүйені айту керек. Басында Әбіғаппар, Оспан, Қасым хан болып сайланды, кейін көтерілісшілерінің басшысыӘбдіғаппар әмір лауазымына, сарбаздардың қолбасшысы Аманкелді сардар лауазымына ие болды.  Даланың көшпенділердің әскери демократиясына, бұрыннан келген әскери қол құрамының структурасына сүйеніп, Кеңес құрылды, сарбаздарды онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасылар басқарған.

Қол басқару ғана емес, ел басқару да жүйесі ұйымдастырылған еді.

Торғай көтерілісін басып тастау үшін жазалау шараларын басқарған генерал-лейтенант Лаврентьев еді. Ақпанның аяғында көтерілісшілерге қарсы полковник Тургенев басқарған 13-ші Орынбор полкі шықты.Құрамында6 атты жүздік, бір атты және бір жаяу взвод, 4 зеңбірек пен 6 пулемет болды. Сарбаздардың саны  20 мыңға жуық еді. Сарбазда айбалта, қылыш, найзамен қаруланған еді. 171-ақ мерген қолында мылтық ұсатаған.

Жалынды шайқас қан жосаға айналған. Кең дала, сары аяз, омбы қар.

Шайқаста Аманкелді қолбасшы ретінде тактиканың шеберлігін көрсетті, Кейкі батыр тапқырлығын, мергендігін көрсетті, жарақаттанды. Ержүрек сарбаздар қырылса-дағы берілмеді, жеңілмеді, жазалаушы отряд шығынға ұшырап, мақсатына жетпей шегінуге мәжбүр болды.

Жазалаушылар қаза тапқан солдаттарды шанаға салып Торғай қаласына қайтты. Жоспары бойынша жазалау операциясы жаз шыққан соң жалғастыратын еді. Бірақ Ақпан төңкерісі көтерілістің аяқтауына себп болды. Әрине, тарих толқынындағы бұралаң жол, ұлт тағдырының тайғанағы әлі алда еді. Бірақ, басқа оқиғалардан бөлек тұратын 1916 жылының ұлт-азаттық көтерілісі осы Доғал-Үрпек шайқасымен аяқтады.

Асқар Дайырбек