23 там, 2019 сағат 11:26

Танымал спортшы Уалихан Тен Алматы әкімінің кеңесшісі болды

Танымал қазақстандық спортшы әрі қоғам белсендісі Уалихан Тен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың  кеңесшісі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол спорт бойынша әкімнің штатан тыс кеңесшісі болды. Бұл туралы оның  Instagram-дағы парақшасында айтылды.

Уалихан  Тен, 1979 жылы туған. Теннің екі жоғарғы білімі бар. Ол Энергетика және байланыс институтын, сондай-ақ Спорт және туризм Академиясын бітірген. Тен - пауэрлифтинг бойынша Әлем, Еуропа және Азия чемпионы, бодибилдингтен ҚР чемпионы, екі дүркін Әлем және Азия чемпионы, пауэрлифтинг бойынша Еуропа чемпионы.

Қазіргі уақытта - World Class Almaty фитнес-клубының басқарушы директоры. Ол сонымен бірге WRPF KZ пауэрлифтинг федерациясының және WPC KZ-тің президенті, WRPF-тің Қазақстандағы ресми өкілі. 2018 жылдың аяғынан бастап, ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек федерациясының бас директоры.

Сондай-ақ, ол «Almaty Triathlon Federation» қоғамдық бірлестігінің және «Бірінші болу батылдық!» (Алматы марафоны) корпоротивтік қорының қамқоршылық кеңестерінің мүшесі.

2015 жылы спортшы көпжылдық тәжірибе негізінде «Другой ты!» кітабын жазды, онда дене шынықтыру, тамақтану, күн тәртібі және т.б. сабақтар бойынша ұсыныстар жазылған.