25 қаң, 2017 сағат 15:07

Тамара Дүйсенова ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Тамара Дүйсенова ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылсын" делінген Ақорданың хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын денсаулық сақтау министрі болып Елжан Біртановтың тағайындалғаны хабарланған.