12 там, 2019 сағат 17:24

«Тальгодағы» зорлық: ҚТЖ мәжілісмен Нұрлан Әлтаевтың мәлімдемесіне жауап берді

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаевтың мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Депутаттардың ұсынысына қатысты пікір білдіру құқығы бізде жоқ. Егер сот қаулысы болса, әлбетте, компания арызға сәйкес талапты орындайды. Біздің басшылық бұған қатысты бұрын да тиісті жауабын берген болатын», - деп хабарлайды ҚТЖ-ның баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, бұдан бұрын Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев «Тальго» пойызындағы зорлыққа қатысты «Қазақстан темір жолы» компаниясын жауапқа тартуға шақыратынын уәде еткен болатын.

«Мен зардап шеккен бойжеткенмен байланысқа шықтым. Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» компаниясына қатысты азаматтық арыз беруде заңгерлік көмек беруді ұсындым. Егер бойжеткен келіссе, біз оған үздік адвокаттарды жалдаймыз. «Қазақстан темір жолы» бұл қылмыстың зардап шегушісінің алдында үлкен, әсіресе қаржылық жауапкершілікке ие. Сондықтан, барлық, тіпті моральдық шығынды да өтерліктей етеміз», - деген еді Нұржан Әлтаев елордада өткен дөңгелек үстелде.

Еске салсақ, ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан бойжеткенді «Тальго» пойызында зорлады деген күдік бойынша екі жолсерікке қатысты қылмыстық іс сотқа түскен.

Кейін бұл оқиға бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ түсінік берді. 

26 шілде күні Қостанайда «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік бойжеткенді зорлаған екі жолсерікке үкім оқылды.