09 қыр, 2019 сағат 14:07

Тальго билеттері неге қымбат?

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тальго» билеттінің қымбат болу себептерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Билеттің бағасы қалай есептеледі? Бүгінде «Тальгоның» бір вагонын күту шығындары 60 мың еуроны құрайды. Бұдан бөлек, магистралды жолдарға, локомотивтік тартуға, вокзалдың шаруашылық қызметтеріне кететін шығындар бар. Барлық шығындарды ескере отырып, «Тальго» коммерциялық пойыздарына жол жүру құны шығарылады», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Қайрат Асқаров ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Тальгоға» техникалық қызмет көрсету құны қымбат және бағалардың құрылуын «Қазақстан темір жолы» компаниясы бақылауда ұстайды.

«Сонымен бірге, динамикалық баға саясаты жұмыс істейді. Егер «Тұлпар-Тальго» билеттерін ертерек сатып алсаңыз, тиімді бағаға аласыз. Бір апта бұрын алынған билеттер сәйкесінше қымбатқа түседі. Әлеуметтік маңызы бар бағыттар «Тальго» жүретін бағыттарды жауып тастайды. Олардың бағасы арзан және мемлекет субсидиялайды, яғни олардың шығындары толық жабылады», - деді Қ. Асқаров.