22 шіл, 2019 сағат 08:47

Талғат Қалиев Орталық коммуникациялар қызметін басқарады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Талғат Қалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

«Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды», делінген құжатта.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жөніндегі Жарлыққа қол қойды.