22 там, 2017 сағат 14:04

Талғарда Kaspi Bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды (Видео)

Алматы облысы Талғар қаласында орналасқан Kaspi bank бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Алматы облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Видеобақылау камерасындағы жазбадан банктің кассасы көрінеді. Бетперде киген қарақшылар шатырдан қарумен басып кіріп, банк қызметкерлерін байлап тастайды. Сондай-ақ, олар кассадағы ақшаны алып кеткен.

"Қылмыс бүгін таңғы уақытта тіркелді. Оқиға орнында Талғар ІІБ мен Алматы облыстық ІІД қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Kaspi bank бөлімшесіне шабуыл жасалған", - деп хабарлады Алматы облыстық ІІД өкілдері. 

"Ол кезде банк клиенттері болмаған. Қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Банк қызметкері шұғыл арада дабыл батырмасын іске қосып, болған оқиға туралы полицияға жеткізген… Ұрланған сома анықталуда", — деп хабарлайды Kaspi Bank-тің ресми баспасөз хабарламасында.