#
#
Сейсенбі 21/11/2017

Талдықорғанда салтанат сарайы пайдалануға берілді

  • 10.11.2017
  • 0
  • 380

Талдықорғанда ел игілігіне салтанат сарайы пайдалануға берілді. Енді жас жұбайлар некелерін осы жерде қияды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жаңа неке сарайы сәулеті жағынан қалаға ерекше көрік беріп қана қоймай, азаматтық хал актілерін тіркеп, 8 түрлі қызмет көрсететін болады. Бүгін екі отбасы салтанат сарайында алғашқы болып некесін қидырса, аға буын өкілдері алтын және гауһар тойларын атап өтті.

«Өте қуаныштымыз. Әрине,  өтініш жасаған кезде  жаңа неке сарайында некеміз қиылады деп  ойламадық. Бақыттымыз. Алтын тойымызды, гауһар тойымызды осында өткіземіз деген үміттеміз», - дейді талдықорғандық  Мадияр Ерланұлы. Мадияр бүгін Гүлім есімді  бақыт құсын қолына қондырды. Қуаныш иелерін облыс басшысы Амандық Баталов құттықтап, жылы лебізін білдірді.  

Жалпы нысан 160 адамға лайықталып салынған. Ал мекеменің құрылысына 1.5 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Естеріңізге сала кетейік, Салтанат сарайының құрылысы 2016 жылы басталған болатын.


0 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар