24 жел, 2018 сағат 16:20

Талдықорғанда обырды ерте кезеңде анықтайтын орталық ашылды

Талдықорғанда Елбасы Жолдауындағы онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау тапсырмасымен жағдаяттық орталық іске қосылды. Орталық - еліміздің денсаулық сақтау саласын цифрландыруға бағытталған бірегей жоба, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Радиологиялық-ақпараттық кешен онкологиялық ауруларды алғашқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді. Себебі бұл жерге заман ауи компьютерлік серверлерге жасанды инттелект орнатылған. Орталық Алматы облысының 13 емдеу мекемесінің 70-тен астам қондырғыларымен тікелей жалғанған. Жасанды интеллект ол жердегі ақпаратты жедел саралап, рентген суретінен обырдың  бар-жоғы, кезеңі туралы нақты ақпарат береді. Мәселен адамның көзі 2,5 мм-лік жараны көре алса, жасанды интелект 1 мм жараны анықтай алады. Жоба мемлекеттік-жекешелік серіктестік негізінде жүзеге асты. Жаңа бағдарламаны Түркия елінің мамандары қазақстандық әріптестермен бірлесе құрастырған.

«Аудандық ауруханалардан мәліметтердің бір ақпараттық орталыққа жинақталуы өңірдің ауруханаларын сандық сапаға көшірудің бірегей жолы. Жасанды интеллектті денсаулық сақтау саласында қолдану әлемдік трендке айналып отыр. Алматы облысы осы бағытта жаңа белестерді бағындырып келеді», - деді Түркия компаниялар тобының басқарма төрағасы  Темел Акгюн.